
Есполова Зухра Аблкасымовна
Факультет: Сәулет және Құрылыс мектебі
Лауазымы: аға оқытушы
Инженерлік және компьютерлік графика курсы - инженерлік пәндердің арасында ерекше орын алады. Оны оқу білім алушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін дамытуға және қисынды ойлауға дағдылануға көмектеседі, кеңістіктегі пішіндерді жазықтықта кескіндеу әдістері және олардың орналасу жағдайы мен өлшемдік сипаттарын анықтауға арналған есептерді шешу жолдары қарастырылады. Бұл пәннің қолданбалы маңыздылығы мынада: ол техника тілін - сызба тілін - игеруге, сызбалар жасауға және оларды еркін оқуға үйретеді. Студент мыналарды елестете білу керек: проекциялық сызбаның әдістерін; конструкторлық тетік бөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектілердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажыратылатын және ажыратылмайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін Автокад графикалық бағдарламасы көмегімен орындауға үйретеді.
Курс 15 тақырыпқа бөлінген. Әр тақырып оқу материалдары, тестер, тапсырмалар және оларды орындау үлгілерінен тұрады. Тест-бұл тақырыпты игеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін өзін-өзі тексеру әдісі. Тапсырмалар курсты меңгеруде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Олар мұғалімге тексеруге жіберіледі.
Әр тақырып келесі бөлімдерден тұрады:
Курстың мақсаты: тәжірибелі есептерді шешу нәтижелі болу үшін студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыру, жаңа графикалық түсініктермен таныстыру (мысалы: сызық, масштаб, қаріп), сонымен қатар, ертеден белгілі графикалық түсініктермен жұмыс істеу әдістерін және жаңа көзқарас қалыптастыру (мысылы: Монж эпюрі, центрлік проекциялау, параллель проекциялау), кеңістікте елестету қорын кеңейту және оларды бір жүйеге келтіріп бекіту болып табылады.
Курсты сәтті аяқтау шарттары:
Курс пререквизиттері: геометрия, сызу, информатика курстары
Постреквизиттер: Осы пәнді оқу кезінде алынған білім курстық және дипломдық жобалардың сызбаларын орындау кезінде қажет.
Курс барлық техникалық мамандықтар үшін жарамды.
Факультет: Сәулет және Құрылыс мектебі
Лауазымы: аға оқытушы
Авторлық құқық © Есполова Зухра Aблкасымовна, 2022
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және оларды рұқсатсыз курстан тыс жерде баспа немесе сандық түрде таратуға немесе сатуға болмайды.
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті