Курстың қысқаша мазмұны
Курс барысында сіздер климаттың өзгеруі және "Жасыл" экономика туралы ақпарат аласыздар. Климат ұғымын және оның өзгеруін, климаттың өзгеруінің салдарын зерделейсіздер. Тұрақты даму мәселелерін, Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелерімен танысасыздар. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі халықаралық келісімдерді, Қазақстанның климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерін талдайсыздар.
"Климаттың өзгеруі және "Жасыл" экономика" курсының құрылымы:
- 15 тақырып
- 14 практикалық сабақ
- Оқу тілі - қазақ
Мақсатты аудиториясы:
6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6B11202 - Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару ББ білім алушыларына және кез-келген қызығушылық танытқан аудиторияға арналған
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер:
Білім алушыларға адамның экономикалық қызметі мен климаттың өзгеруі арасындағы өзара тығыз байланысты, «жасыл» экономиканы енгізу қажеттілігін түсінуін қалыптастыру; микро және макродеңгейлерде тұрақты дамуды және сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту
Курсты ұйымдастырумен байланысты қосымша ақпарат (пререквизиттер, мерзімдер, оқыту тілі, форматы, студенттерге арналған навигация бойынша нұсқаулықтар және т. б.)
Пәнді оқыту міндеттері:
- климат, оның жаһандық және ұлттық ауқымдағы шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі өзгерістері, климаттың табиғи және шаруашылық жүйелерге әсері туралы теориялық білімді меңгеру;
- студенттерде климаттың өзгеруіне қарсы күрестің негізгі құралы мен жаһандық және ұлттық ауқымда тұрақты даму негізінде «жасыл» экономика туралы түсінік қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасында және әлемде климаттың өзгеруіне бейімделу саласында студенттердің тәжірибе әлеуетін қалыптастыру және хабардарлығын арттыру;
- «жасыл» экономика талаптарын ескере отырып, климаттың өзгеруіне байланысты қоршаған ортаның жағдайын талдау дағдыларын қалыптастыру;
- Парниктік газ шығарындыларын реттеудің ұлттық бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және т.б.
Пререквизит пән: Экологиялық дүниетаным негіздері
Постреквизит пән: Өнеркәсіп қалдықтарын көму, залалсыздандыру және қайта пайдалану негіздері
Курсты сәтті аяқтау үшін студентке дербес компьютер немесе ноутбук, сонымен қатар еркін қолдану дағдылары қажет және Экологиялық дүниетаным курсын білуі керек.
Курс авторы
Жаманбаева Манира Крыкбаевна
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Жер туралы ғылымдар мектебінің
қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты.
Білімі:-химия және жаратылыстану мұғалімі;
-
қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы
бойынша техника және технологиялар бакалавры;
- бейорганикалық химия мамандығы бойынша аспирантура
Білім саласы: экология, қоршаған орта нысандарын химиялық талдау,
климаттың өзгеруі, аймақтық геоэкология
Даниярова Мадина Даниярқызы
Жер туралы ғылымдар мектебінің оқытушысы.
Білімі:
-
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы
бойынша Техника және технологиялар бакалавры
-
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы
бойынша Ғылым магистрі
Білім саласы:
Ғаламдық экология
Климаттың өзгеруі және «жасыл» экономика
Өнеркәсіптің зиянды заттары және химиялық қауіпсіздік
Радиациялық қауіпсіздік негіздері
Экология негіздері және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.
Кайсина Макпал Исатаевна
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Жер туралы ғылымдар мектебінің аға оқытушысы,
техника және технология ғылымдарының магистры
Білімі: - география мұғалімі;
- Эколог-инженер
-
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының
магистры
Білім саласы: экология, қоршаған ортаны қорғау техникасы мен технологиясы,
экологиядағы ГАЖ, өнеркәсіптік экология
Авторлық құқық
Авторлық құқық © Жаманбаева М.К.,Даниярова М.Д.,Кайсина М.И., 2023
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және оларды рұқсатсыз курстан тыс жерде баспа немесе сандық түрде таратуға немесе сатуға болмайды.
Шаблонды жобалауға үлес қосқандар
- Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
- Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!
Курсты сертификаттау
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті