Перейти к основному содержимому

Компас, AutoCad графикалық бағдарламаларының негіздері

ACD
Для зачисления на курс требуется приглашение

«Компас, AutoCad графикалық бағдарламаларының негіздері» курсы туралы

AutoCad және КОМПАС бағдарламаларын меңгеруге бағытталған оқу пәні, студент әр түрлі сызбаларды жасай алады, бағдарламалық пакеттің құралдарын қолданып, ілеспе құжаттарды ұйымдастырады, сондай-ақ әр түрлі жобаларды жасау процесін автоматтандыру мүмкіндігін меңгереді.

Курстың форматы мен құрылымы

Курс 14 тақырыпқа бөлінген. Әр тақырып оқу материалдары, тестер, тапсырмалар және оларды орындау үлгілерінен тұрады. Тест-бұл тақырыпты игеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін өзін-өзі тексеру әдісі. Тапсырмалар курсты меңгеруде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Олар мұғалімге тексеруге жіберіледі.

Әр тақырып келесі бөлімдерден тұрады:

  • тақырыпқа шолу;
  • бейне дәрістер;
  • дәрістің тірек конспектісі;
  • презентация;
  • қосымша ресурстар / материалдар;
  • өзін - өзі тексеру-квиз, сұрақтар, тапсырмалар

Негізгі мақсат

Автоматтандырылған жобалау, AutoCAD, КОМПАС саласындағы соңғы жетістіктермен танысу; конструкторлық құжаттаманы орындау кезінде АЖЖ қолдану білімдерін және дағдыларын меңгеру

Күтілетін нәтиже

Күтілетін нәтиже:графикалық примитивтерді құрудың әртүрлі әдістері мен режимдерін (оның ішінде ортогональды сызу, торға байлану және т.б.) пайдалана отырып, дисплей экранында графикалық примитивтерді құру және өңдеу тәсілдерін білу және түсіну. Машиналар мен жабдықтар бөлшектерінің сызбаларын алудың заманауи әдістерін, конструкторлық құжаттаманы орындау кезінде 3D модельдерді жобалау принциптерін білу мен түсінуді қолдану. Графикалық компьютерлік бағдарламалардағы графикалық құралдардың құрылымы мен жұмыс істеуінің жалпы схемасы туралы пайымдауларды қалыптастыру

Мақсатқа жету индикаторы

Курсты сәтті аяқтау шарттары:

  • Барлық материалдарды оқу (бейне, мәтін, презентациялар).
  • Курста ұсынылған тапсырмаларды орындау (квиздер, тесттер, сұрақтар, тапсырмалар).
  • Қорытынды жұмысты орындау.

Пререквизиттер мен Постреквизиттер

Информатика

Осы пәнді оқу кезінде алынған білім курстық және дипломдық жобалардың сызбаларын орындау кезінде қажет

Дайындық бағыттары

Курс барлық техникалық мамандықтар үшін жарамды


Курс авторлары

Course Staff Image #1

Курманова Даметык Тайтуковна

Сәулет, Құрылыс және энергетика мектебі
қауымдастырылған профессор

Course Staff Image #1

Есполова Зухра Аблкасымовна

Сәулет, Құрылыс және энергетика мектебі
аға оқытушы

Course Staff Image #1

Уазырханова Жулдыз Кенесханкызы

Сәулет, Құрылыс және энергетика мектебі
аға оқытушы

Шаблонды жобалауға үлес қосқандар

  • Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
  • Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!