Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы
Бөлімше: Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы
Лауазымы: Ғылыми қызметкер
E-Mail : [email protected]
ACD
Бұл курс болашақ құрылыс және сәулет бағыты бойынша білім алушы студенттері үшін міндетті курстардың бірі болып табылады. Кез келген үймерет немесе ғимарат құрылысы үшін ішкі және сыртқы инженерлік желілер мен жүйелер маңызы өте жоғары. Жалпы инженерлік жүйелер дегеніміз тұтынушылардың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін техникалық шешімдер кешені. Инженерлік желілер және жүйелер тұрғындарды ыңғайлылықпен, жайлылықпен және жылумен қамтамасыз етуге арналғандықтан, оларды келесі топтарға бөлуге болады: • Жылумен қамту жүйесі; • Сумен қамту және канализация жүйесі; • Желдету және баптау жүйесі; • Газбен қамту жүйесі; Бұл курста жоғарыда көрсетілген инженерлік жүйелерге жеке тоқталып, олардың инженерлік желілерін толық қарастырып, жобалау негіздеріне тоқталамыз.
Инженерлік жүйелер дегеніміз тұтынушылардың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін техникалық шешімдер кешені. Бөлменің қандай мақсатта қолданылыуна қарамастан, инженерлік жүйелермен максималды түрде қамтылу қажет, себебі үймереттер мұндай желілерсіз қолданыссыз, тіршіліксіз болады.
«Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері» курсы екі бөлімнен тұрады.1. «Сумен жабдықтау және канализация» бөлімі қалалар мен тұрғын үйлердің сумен жабдықтау және канализация жүйелері туралы негізгі теориялық мәліметтерді, үймереттердің ішкі су құбырларын және канализация желілерін, ішкі суағарларды және өртке қарсы су құбырларын, суару құбырларын есептеу негіздерін қарастырады.
2. «Жылумен қамту және желдету» бөлімі үймереттер мен ғимараттардың жылыту, желдету жүйелері туралы негізгі теориялық мәліметтерді, негізгі есептеу әдістері мен жабдықтарды таңдау сұрақтарын қарастырады.
Сіз бұл курсты және барлық материалдарды өздігіңізден, сізге ыңғайлы уақытта оқитын боласыз. Бұл курста әр тақырыпқа қысқаша бейне жазба, презентация түрінде дәрістер және тақырып бойынша қарап шыққан материалдарды есте сақтай алғаныңызды және игеруіңізід тексеру үшін квиздар (тестар) берілген. Алған теориялық білімдерді нығайту үшін пән бағдарламасы бойынша тәжірибелік сабақтар қарастырылған. Тәжірибелік сабақтар сәйкесінше тақырыпты өткенен кейін сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Курсты көлемі 30 сағат.
Әр тақырыпта бар:
Курстың мақсаты: Студенттерге жеке үймереттердің, ғимараттардың және өндірістік кәсіпорындардың заманауи құрылыс сұрақтарын шешуде сумен қамту, канализация, жылугазбен қамту, жылыту, желдету жүйелерінің инженерлік желілерін дұрыс таңдап, жобалауға үйрету, тәжірибелік дағды беру.
Курсты сәтті аяқтау шарттары:
Курста тыңдаушы жетістіктерін бағалау үшін «Квиздар» тақырып материалдары бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары және аралық тексеруді жүргізу үшін Google формасындағы тест берілген. Студенттермен кері байланыс - «Чат» қызметі арқылы ойларымен бөлісу.Курсқа пререквизит: Құрылыс конструкциялары
Постреквизиттер: Курсқа постреквезит жоқ.
Курс жоғарғы оқу орындарының «Құрылыс» «Жобалаудағы BIM технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттерге арналған.
Бөлімше: Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы
Лауазымы: Ғылыми қызметкер
E-Mail : [email protected]
Авторлық құқық © Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті