
Бухатова Асем Салауаткызы
Өмірбаяны: Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің оқытушысы. Экономика ғылымдарының магистрі.
Бөлімше: Бизнес және кәсіпкерлік мектебі
Лауазымы: Оқытушы
E-Mail: [email protected]
BIZ
Курста экономикалық теория пәнінің негізгі мәселелері жан-жақты қарастырылған. Тақырыптық мәселелер теориялық тұрғыдан ғана емес, өзін-өзі тексеру сұрақтары, жаттығулар, есептер, графиктер мен кестелер, тест тапсырмалары, статистикалық деректер және негізгі ұғымдар көмегімен де жатық түсіндірілген. Курс экономистер даярлайтын жоғары оқу орнының студенттеріне және басқа да мамандықтар бойынша оқитын білім алушыларға, оқытушыларға, сондай-ақ, экономикалық теорияны өз бетінше оқитын оқырман қауымға арналған.
Бұл пән салалық ғылымдардың (өнеркәсіп, сауда, құрылыс және т.б. экономикасы) тұтас кешенінің әдіснамалық негізі болып табылады; функционалдық (қаржы, несие, маркетинг, менеджмент және т.б.); салааралық және т.б.
Сіз бұл курста материалдарды өз бетіңізше өз қарқыныңызбен оқисыз (курс 15 тақырыптан тұрады). Бұл курста бейне дәрістер мен презентациялар, қосымша материалдарға сілтемелер бар ол сізге берілген тапсырмаларды орындауда көмегі тиеді. Дәрістерден кейін материалды қаншалықты меңгергеніңізді анықтауға қысқаша квиз (тесттер) беріледі.
Үй шаруашылығы, фирма, ел және дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде экономиканың қызмет етуі мен дамуын анықтайтын экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін ашатын негізгі ұғымдар мен теориялық ережелерді терең зерттеу.
Курсты сәтті аяқтау шарттары:
Курс пререквизиті: «Математика» пәні
Постреквизит: «Кәсіпорын экономикасы» пәні
Бұл курсты барлық оқу бағыттарының студенттері оқи алады.

Өмірбаяны: Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің оқытушысы. Экономика ғылымдарының магистрі.
Бөлімше: Бизнес және кәсіпкерлік мектебі
Лауазымы: Оқытушы
E-Mail: [email protected]
Авторлық құқық © Бухатова Асем Салауаткызы 2025
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті