Инвестициялық жобалау
BIZ

«Инвестициялық жобалау» курсы жайлы ақпарат
Курсты құрастырушы Сырымбек Маржан. Курс инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасының аспектілерін, критерийлер ерекшеліктерін қамтиды.
Курс мақсаты
Бұл курстың басты мақсаты студенттерге жобаларды талдаудың негіздері бойынша білім беру және нақты жобаларды іске асыру барысында теориялық зерттеулердің нәтижелерін қолдануды үйрету.
«Инвестициялық жобалау» курсы мыналарды қамтиды:
- Инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасының теориялық-әдістемелік аспектілері;
- Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін талдау және бағалау әдістері, халықаралық тәжірибеге негізделген түсініктері:
- Net Present Value (NPV) таза келтірілген құн
- Internal Rate of Return (IRR) табыстылықтың ішкі нормасы
- Profitability Index (PI) рентабельділік индексі
- Payback Period (PB) өтелу мерзімі
- Discounted Payback Period (DPB) дисконтталған өтелу мерзімі
- және критерийлер арасында туындайтын қайшылықтар мен одан шығу жолдары түсіндіріледі.
Басты талаптар
-
Курс экономика мамандықтары студенттеріне арналған.
-
Пререквизит: «Кәсіпорын экономикасы» пәні
-
Оқыту тілі қазақша, онлайн түрде жүргізіледі!
Курстан күтілетін нәтижелер:
Курсты құрушы
|
Авторлық құқық
Авторлық құқық © Сырымбек Маржан 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.
Курсты сертификаттау
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті