Skip to main content

Қор нарығының операциялары және қаржылық инструменттері


BIZ

Курс туралы «Қор нарығының операциялары және қаржылық құралдары»

«Қор нарығының операциялары және қаржылық құралдары» курсы болашақ мамандардың қор нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ұйымдастыру, нарықтағы бағалы қағаздардың айналысын ұйымдастыру саласында кәсіби білім алуы үшін теориялық және практикалық бағытқа ие.

Курс шеңберінде тыңдаушылар қор нарығының түсінігімен, бұл нарықта қолданылатын қаржылық құралдарымен, делдалдық және қаржылық операцияларымен, сонымен қатар қор биржаларының жұмысын ұйымдастыру негіздерімен танысады.

Курс құрылымы мен нысаны

Курс 8 тақырыпты қамтиды. Тыңдаушылар берілген материалдарды өзіне ыңғайлы уақытында, әрі өздігімен оқиды. Тақырыптар мәтін, презентация, бейнебаян нысанындағы дәрістер арқылы түсіндіріледі. Ал тыңдаушылардың материалдарды игеру сапасын анықтау өзін-өзі тексеру тесттер (квиз) және оқытушы тексеретін тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Курсты толық игеру шамамен 30 сағатының шеңберінде жоспарланған. Сонымен, курстың әр тақырыбы келесідей бөліктерден тұрады:

  • Тақырыпқа шолу;
  • Бейнебаян нысанандағы дәріс;
  • Дәріс мәтіні;
  • Қосымша материалдарға сілтемелер;
  • Өзін-өзі тексеру тесті;
  • Оқытушыға жіберілетін тапсырма.

Негізгі мақсат

Бұл курстың мақсаты студенттердің бағалы қағаздар нарығының негіздерін, бағалы қағаздардың мәнін, қор нарығына қатысушыларды, сондай-ақ қазіргі заманғы қор нарықтарындағы операцияларды тиімді басқару әдіснамасын терең меңгеруі болып табылады.

Күтілетін нәтижелер

Курстан өткен соң, тыңдаушылар келесі дағдыларға ие болады:

  • бағалы қағаздардың негізгі түрлерін тану, акция мен облигацияны ажырата білу, туынды бағалы қағаздарды талдау, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен олардың айналымының мақсатын, қор биржа қатысушылардың қызметін және олардың өзара қарым-қатынастарын, қор биржасындағы банктердің рөлін танып білу;
  • қор нарығының құралдарына сипаттама бере алу, қор нарығына қатысушылардың қызметтерін ажырата білу, қор нарығының ақпараттарымен қолдана білу, қандай да бір шешім қабылдаудың барлық тәуекелдерінің әсерін талдай білу;
  • Қазақстан Республикасында және шетелдегі қор нарығының заманауи жағдайының мониторингін жете түсіну;
  • қор нарығы саласында алған дағдыларын қаржылық құралдарен байланысты ары қарайғы зерттеулерде пайдалана алу.

Мақсатқа жету индикаторлары

Курсты сәтті аяқтап, қойылған мақсаттарға жету келесілердің орындалуымен анықталады:

  • берілген барлық оқу материалдарын игеру (мәтін, бейнебаян, презентация);
  • қосымша материалдар ретінде берілген барлық материалдарды игеру (оқулықтар, мақалалар, ғылыми жұмыстар, бейнебаяндар);
  • курста берілген тапсырмаларды орындау (тесттер, квиз, есептер және т.б.).

Пререквизиттер мен постреквизиттер

Курс пререквизиттері: Аталған курстың пререквизиттері ретінде «Экономикалық теория», «Макро-микроэкономика», «Қаржыға кіріспе» пәндерін атап кетуге болады.

Курс постреквизиттер: курс барысында игерілген материал «Компания бағасы мен капиталды бағалау» пәнін оқу үшін қажетті болады.

Дайындық бағыты

Курс 6B04106 «Ғылымды қажетсінетін кәсіпорынның қаржыларын басқару» білім беру бағдарламасының студенттері үшін құрастырылған.


Курс авторлары

Course Staff Image #1

Саденова Асель Маратовна.

ШҚТУ-нің «Бизнес және кәсіпкерлік» мектебінің аға оқытушысы

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті

Enroll