Перейти к основному содержимому

Инженерлік геология

ENV
Для зачисления на курс требуется приглашение

«Инженерлік геология»курсы туралы

Инженерлік геология пәнін оқу барысында келесі мәліметтермен танысуға болады: ең алдымен геология туралы түсінікті қалыптастыру. Тау жыныстардың механикалық және су-физикалық қасиеттері, жер асты сулардың химиялық қалыптасудың шарттары, табиғи жағдайлардағы жер асты сулардың ағуын анықтайтын есептеу негіздері, және де тау жыныстарды бағалаудың инженерлік-геологиялық негіздерімен танысатын боласыздар.

Курстың форматы мен құрылымы

Сіз бұл курстан өте отырып, материалдарды өзіңіз үшін ыңғайлы қарқынмен үйренесіз. Бұл курс бейне дәрістерден тұрады, содан кейін оқығаныңызды немесе көргеніңізді есте сақтағаныңызды анықтау үшін қысқа квиздардан (тесттерден) өтесіз.

Әр тақырып келесі бөлімдерден тұрады:

  • тақырыпқа шолу;
  • бейне дәрістер;
  • дәрістің тірек конспектісі;
  • презентация;
  • қосымша ресурстар / материалдар;
  • өзін - өзі тексеру-квиз, сұрақтар, тапсырмалар

Негізгі мақсат

Курстың мақсаты: Инженерлік геология пәні бойынша негізгі теориялық білім беру. Студенттерді қазіргі инженерлік геология теориялық аспектілерімен, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерінің мәселелерімен таныстыру.

Мақсатқа жету индикаторы

Курсты сәтті аяқтау шарттары:

  • Барлық материалдарды оқу (бейне, мәтін, презентациялар).
  • Курста ұсынылған тапсырмаларды орындау (квиздер, тесттер, сұрақтар, тапсырмалар).
  • Қорытынды жұмысты орындау.

Пререквизиттер

Курс пререквизиттері: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар


Курс авторы

Course Staff Image #1

Сыпайнова Гүлден Сейтханқызы

Факультет:Жер турал ғылымдар мектебі
Лауазымы: Оқытушы

Шаблонды жобалауға үлес қосқандар

  • Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
  • Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті