Жаманбаева Манира Крыкбаевна
Факультет: Жер туралы ғылымдар мектебі
Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, химия ғылымдарының кандидаты
Курс барысында сіздер Жер бетіндегі климаттың өзгеруі, климаттың өзгерісін тудыратын факторлар, климаттық емес факторлар және олардың климатқа әсері, климаттың өзгерісіне антропогендік әсерлер, факторлардың өзара әсері және климаттың өзгерісінен туындайтын салдарлар туралы ақпарат аласыздар. Климат түсінігін және оның өзгеруін, жаһандық жылыну проблемасымен қарастырады. Климаттың өзгеруінің себептері мен одан туындайтын салдарларды талдап, бағалау, алдын алу шараларын, климатты бақылаудың ғаламдық жүйесін, климат туралы аймақтық және ғаламдық деңгейдегі келісімдерді қарастырасыздар.
Сіз бұл курстан өте отырып, материалдарды өзіңіз үшін ыңғайлы қарқынмен үйренесіз. Бұл курс бейне дәрістерден тұрады, содан кейін оқығаныңызды немесе көргеніңізді есте сақтағаныңызды анықтау үшін қысқа квиздардан (тесттерден) өтесіз.
Әр тақырып келесі бөлімдерден тұрады:
Курстың мақсаты: Білім алушыларға адамның шаруашылық қызметі мен климаттың өзгеруі арасындағы өзара тығыз байланысты, климаттың өзгеруінен туындайтын салдарлар, туындайтын экологиялық апаттар, төтенше жағдайлар олардың алдын алу шаралары жайлы түсініктерін қалыптастыру
Курсты сәтті аяқтау шарттары:
Курс пререквизиттері: Экологиялық дүниетаным негіздері
Факультет: Жер туралы ғылымдар мектебі
Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, химия ғылымдарының кандидаты
Факультет: Жер туралы ғылымдар мектебі
Лауазымы: Аға оқытушы
Факультет: Жер туралы ғылымдар мектебі
Лауазымы: Оқытушы
Бұл курс Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International (CC BY-SA 4.0) лицензиясы бойынша лицензияланған. Толығырақ білу үшін Creative Commons веб-сайтына кіріңіз.
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті