Перейти к основному содержимому

Төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаның сапасының мониторингі

ENV
Для зачисления на курс требуется приглашение

«Төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаның сапасының мониторинг » курсы туралы;

Төтенше жағдайлар кезіндегі қоршаған орта сапасының мониторингі - экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін төтенше жағдайлар кезіндегі қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйені зерттеуді меңгеру. Курс теориялық курстың сұрақтары мен тәжірибелік және зертханалық сұрақтары келтірілген.

Курстың форматы және құрылымы

Сіз бұл курстан өте отырып, материалдарды өзіңіз үшін ыңғайлы қарқынмен үйренесіз. Бұл курс бейне дәрістерден тұрады, содан кейін оқығаныңызды немесе көргеніңізді есте сақтағаныңызды анықтау үшін қысқа квиздардан (тесттерден) өтесіз.

Әр тақырып келесі бөлімдерден тұрады:

  • тақырыпқа шолу;
  • бейне дәріс;
  • дәрістің анықтамалық конспектісі;
  • презентация;
  • қосымша ресурстар / материалдар;
  • өзін - өзі тексеру - квиз, сұрақтар, тапсырмалар

Негізгі мақсат

Пәннің мақсаты : Пәннің мақсаты тіршілік ету ортасының жай-күйін бақылау кезінде қолданылатын қағидаттармен, әдістермен және құрылғылармен; өрт және төтенше жағдайлар кезіндегі экологиялық жағдайды болжау әдістерімен таныстыру; тіршілік ету ортасын мониторингілеу саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға мамандар даярлау болып табылады.

Күтілетін нәтиже

Күтілетін нәтиже: Курс соңында тыңдаушылар:

- Қауіпті геологиялық процестерді, сондай-ақ экологиялық міндеттерді шешуде, ТЖ-дың алдын алу және жою іс-шараларын бағалау, жоспарлау және әзірлеу бойынша графикалық ақпаратты (сұлбаларды, сызбаларды) жасау және оқу кезінде инженерлік-техникалық білім мен дағдыларды пайдалана білуі;.

- Қоршаған ортаны қорғаудағы іргелі және жаңа жетістіктерді пайдалану; геоэкологиялық жағдайды бағалау, қоршаған орта мониторингінің негізгі әдістемесін, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйінің параметрлерін бағалаудың ақпараттық жүйесін пайдалану, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету жағдайында табиғи-техникалық геожүйелердің жай-күйін болжауды жүзеге асыру;

- Нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы орындау, қоршаған ортаны бақылау әдістерін болжау және әзірлеу;

- TЖ туралы хабарлау және ақпараттандыру тәртібін білу, ықтимал қауіпті өнеркәсіптік және табиғи объектілерге мониторинг жүргізу және ТЖ мониторингінің техникалық жүйелерін пайдалана білу және оның нәтижелерін түсіндіру; төтенше жағдайларды және олардың салдарын болжау;

- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыра білу, авариялық-құтқару құралымдарын басқару әдістерін білу және қолдана білу, олардың жұмысы үшін іс-қимыл алгоритмін құра білу, жағдайды талдай, бағалай білу, шешімдер қабылдай және міндеттер қоя білу, олардың орындалуынf бақылау жүргізе білуі керек.

Мақсатқа жету индикаторы

Курсты сәтті аяқтау шарттары:

  • Барлық материалдарды оқу (бейне, мәтін, презентациялар).
  • Курста ұсынылған тапсырмаларды орындау (квиздер, тесттер, сұрақтар, тапсырмалар).
  • Қорытынды жұмысты орындау.

Пререквизиттер

Курс пререквизиттері: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар


Курс авторы

Course Staff Image #1

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Факультет: Жер туралы ғылымдар мектебі
Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, химия ғылымдарының кандидаты.

Шаблонды жобалауға үлес қосқандар

  • Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
  • Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті