Самадиева Мейрамгуль Оралтаевна
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Бизнес мектебі», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Адам бол курсы – Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен философиясын терең меңгеруге бағытталған маңызды пән. Бұл курс студенттердің ұлттық санасын қалыптастырып, рухани дамуына ықпал етеді. Абай еңбектері арқылы жастар адамгершілік, білімге ұмтылу, еңбекқорлық және әділдік сияқты құндылықтарды бойына сіңіреді. Сонымен қатар, курс барысында ақынның қара сөздері мен өлеңдері талданып, олардың қазіргі қоғамдағы маңызы айқындалады. Абайдың дүниетанымы ұлттық мәдениетті тануға, оны құрметтеуге және дамытуға жол ашады. Пәнаралық байланыс арқылы студенттер философия, әдебиет, тарих сияқты салалармен танысып, жан-жақты білім алады. Абайтану курсы жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, олардың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына негіз болады. Осы пән арқылы ұлттық кодты түсіну, мәдени мұраны бағалау және заманауи қоғамда өз орнын табу мүмкіндігі артады.
Адам бол курсын аяқтау үшін студенттер Абай шығармашылығы мен философиялық көзқарастарын терең түсінуі қажет. Олар ақынның қара сөздері мен өлеңдерін талдай білу, негізгі идеяларын ажырату және қазіргі қоғаммен байланыстыра алу дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, студенттер сыни ойлау, пікір қалыптастыру және өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу қабілеттерін дамытады.
Курс барысында ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды тану, оларды бағалау және құрметтеу маңызды орын алады. Студенттер пәнаралық байланыс арқылы әдебиет, мәдениеттану, Қазақстан тарихы және философия салаларынан білімін кеңейтеді. Нәтижесінде, олар адамгершілігі жоғары, білімді, өзіндік ойы бар, заманауи қоғам талаптарына сай бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасады.
Студенттер Абайдың жан-жақты тұлғасын терең түсініп, оның адамгершілік-философиялық, мәдени, тарихи және қоғамдық-саяси көзқарастарын жүйелі түрде меңгереді. Абай дәуірінің ерекшеліктерін және оның дүниетанымының қалыптасу негіздерін талдай алады. Абайдың шығармалары, әсіресе «Қара сөздер» арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалай отырып, оларды қазіргі қоғам жағдайында қолдана білу қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар, студенттердің зерттеушілік дағдылары дамып, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті артады. Абай мұрасын әлемдік және отандық тарих контекстінде бағалай отырып, оның қоғамдағы орны мен рөлін айқындай алады. Жеке тұлғаның адамгершілік ұстанымы қалыптасып, әлеуметтік, азаматтық және кәсіби құзіреттіліктері жетілдіріледі.
Абайдың жан-жақты тұлғасы - адамгершілік-философиялық, мәдени-аксиологиялық, тарихи, қоғамдық-саяси көзқарастар және гуманистік құндылықтардың қазіргі қоғамдағы өзектілігі туралы студенттердің білімдерін тереңдету; болашақ кәсіби қызмет контекстінде әлеуметтік және жеке және азаматтық құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Бизнес мектебі», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Бизнес мектебі», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
Авторлық құқық © Аты-жөні 2026
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және оларды рұқсатсыз курстан тыс жерде баспа немесе сандық түрде таратуға немесе сатуға болмайды.