Перейти к основному содержимому

Әлеуметтану


KAZ

Курс туралы

«Әлеуметтану» пәні – адамдардың әрекеттерін, оларды сол әрекетке итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге әсер ететін құралдарды ұсынады. Әлеуметтану жеке өмірімізде, елде және қоғамда кездесетін шағын ауқымды мәселелерді қарастырады. Бұл пән студенттердің әлеуметтану тұрғысынан ойлау қабілетін арттырып, осы сияқты проблемаларды жете түсініп, оларды шешуге құлшынысын арттыруды көздейді.

Мақсаты

  Курстың мақсаты – cтуденттерде әлеуметтану ғылым ретінде, социологиялық теорияның дамуы, әлеуметтік зерттеулердің әдістері мен практикалық қолданылуы, негізгі салалық әлеуметтанулық теориялар және оларды қолдану туралы алғашқы жүйелендірілген түсінік қалыптастыру, студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

Міндеттер

  • Қазіргі қоғам мен оның әлеуметтік институттары жұмысының негізгі принциптерін; әлеуметтік процестердің мәні мен әлеуметтік құрылымды қалыптастыру тетіктерінің қатынастарын түсіну;
  • әлеуметтік ақпаратты алудың негізгі көздері мен әдістерін білу; әлеуметтік білімді журналистік кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаттық аудитория

ВКТУ студенттеріне арналған.

ОҚЫТУ ҚОРТЫНДЫСЫ

  • оқыту: әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын біледі, әлеуметтік құрылым мен стратификациялық жүйелердің қалыптасу себептерін түсінеді әлеуметтік өзара әрекеттесу және даму заңдылықтарын біледі, социологиялық зерттеулер туралы түсінігі бар;
  • социологиялық ақпаратты жинаудың негізгі әдістері туралы алған білімдерін қолдануды біледі, көпшілік алдында сөйлеу, дәлелдеу және талқылау дағдыларына ие. Ақпарат: алынған ақпаратты талдау және бағалау әдістемесін біледі. Компьютерлік технологиялар: жұмыста және өзін-өзі дамытуда заманауи ақпараттық білім беру технологияларын пайдаланады;
  • күнделікті, кәсіби және әлеуметтік қызметтің әлеуметтік-мәдени жағдайларын бағалай алады. Фактілерді салыстыра алады, қорытынды жасай алады, өз аргументтерін құра алады, өз ұстанымын айта алады және дәлелдей алады, этика және құқық нормаларына сәйкес әртүрлі жыныстардың, этностардың және діндердің өкілдерімен қарым-қатынас жасауды біледі;
  • көпшілік алдында сөйлеу, пікірталас жүргізу дағдылары қалыптастырылды. топта жұмыс істей алады, шағын топтың жұмысын қалай ұйымдастыруды біледі, қоғамдық өмірге қатысады;
  • мәтіндермен, сайттармен, іздеу жүйелерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдысы бар;
  • өзін-өзі тәрбиелеуге деген қызығушылық дамыды.

Курсты құрушы

Course Staff Image #1

Уалиева Сауле Кабдымуликовна

Бөлімше: : Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер
Лауазымы: Аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: Тарих ғылымдарының кандидаты
E-Mail : [email protected]

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті

Внести в список