Перейти к основному содержимому

Қазақстан тарихы


KAZ

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»курсы туралы

Ұсынылып отырған курс «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын» оқып-үйренетін студенттерге арналған. Курс 10 дәрістен тұратын 4 модульге бөлінген. Курстың мақсаты – Қазақстан аумағында ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыру. Сол арқылы бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыруға жағдай жасалады. Онлайн дәрістер форматы тыңдаушылар үшін өте ыңғайлы. Олар өздері қалаған уақытта дәріс материалдарымен танысып, берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Дәрістерге қосымша берілген тарихи деректер, аудио, видеоматериалдар топтамалары тыңдаушылардың өз білімін толықтырып, жетілдіруге жол ашады. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Курсқа енгізілген интерактивті тапсырмалар, тест жүйесі студенттердің өз бетінше білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Курстың форматы мен құрылымы

Онлайн дәрістер форматы тыңдаушылар үшін өте ыңғайлы. Олар өздері қалаған уақытта дәріс материалдарымен танысып, берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Дәрістерге қосымша берілген тарихи деректер, аудио, видеоматериалдар топтамалары тыңдаушылардың өз білімін толықтырып, жетілдіруге жол ашады. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Курсқа енгізілген интерактивті тапсырмалар, тест жүйесі студенттердің өз бетінше білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы 4 модульден, 10 дәрістен тұрады.

  • Тақырыпқа шолу;
  • Бейне дәріс;
  • Мәтіндік материалдар (дәріс конспектісі);
  • Білімді толықтыру – қосымша материалддар мен ресурстарға сілтемелер
  • Өзін-өзі тексеру (квиз-тест)

Негізгі мақсат

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың мақсаты - Қазақстан аумағында ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыру.

Оқыту қорытындысы:

  • Қазақстан тарихы дамуының негізгі кезеңдерін білу және түсіну
  • Қазақстанның өткен тарихи процестері мен құбылыстарын зерделеу кезінде аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын меңгеру;
  • қазіргі қазақстандық даму моделінің имманентті ерекшеліктерін объективті және жан-жақты түсіне білу;
  • Тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын сыни талдау арқылы адамзат қоғамының бүкіләлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру;
  • Қазақстан тарихының тарихи құбылыстары мен үдерістерін жүйелеу және сыни бағалау.

Мақсатқа жету индикатор

Пәнді игеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттер:

  • әлемдік және еуразиялық тарихи үдеріс жағдайында тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдерін білу;
  • тарихи өткен жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы тарихи және басқа да зерттеу әдістерімен адамзат қоғамының әлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыра білу;
  • дамудың қазақстандық моделінің өзіне тән артықшылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздылығын объективті және жан-жақты түсіне білу;
  • қазіргі Қазақстанның күрделі тарихи процестерін, құбылыстары мен тарихи тұлғаларын зерттеу кезінде аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын меңгеру.

Пререквизиты

Бұл курсты оқу үшін студент Қазақстан тарихының мектеп курсынан өтуі керек еді

Информационные ресурсы

  1. Многотомная энциклопедия «Қазақстан: ұлттық энциклопедия» (бас.ред. Ә.Нысанбаев; Алматы, 1998).
  2. 9-томный справочник «Қазақтар» (құраст. Е.Дүйсенбаев; Алматы, 1998; ред.алқасы Е.Арын; Алматы, 2003)
  3. Справочники «Народы Казахстана» (сост. Г.Анес и др.; Алматы, 2003)
  4. «История Казахстана» (В.Осколков, И.Осколкова; Астана, 2008)
  5. Интернет ресурсы:
    1. http://e-history.kz/ru
    2. http://ikitap.kz/
    3. http://www.eurasica.ru/
    4. http://www.madenimura.kz/
  6. Электронные ресуры:
    1. http://www.kazneb.kz/

Дайындық бағыттары

Барлық тарихи емес мамандықтардың студенттері үшін


Курс авторы

Course Staff Image #1

Айдарбаева Раушан Кайсановна

Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты,"Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының оқытушысы
Факультет: Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Университет: КЕАҚ “Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ”

Course Staff Image #2

Калиева Канша Саветкановна

Аға оқытушы, тарих ғылымдарының кандидаты
Факультет: Бизнес мектебі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Университет: КЕАҚ “Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ”

Course Staff Image #3

Капасова Гульнара Загидеровна

Кафедра меңгерушісі
Факультет:Бизнес мектебі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Университет: КЕАҚ “Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ”

Course Staff Image #4

Урюстюмова Айзат Ишимбаевна

Аға оқытушы
Факультет: Бизнес мектебі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Университет: КЕАҚ “Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ”

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті

Внести в список