Перейти к основному содержимому

Психология


KAZ

«Психология» курсы туралы

«Психология» оқу курсы студенттердің психологиялық дайындығының орталық буыны болып табылады. Мамандардың жалпы мәдениетін дамытуға бағытталған, студенттерді психологияның негізгі теориялары мен әдістерімен таныстыруға, студенттердің психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік-гуманитарлық дайындық пәні. Және де, пән өзін-өзі реттеу және өзін-өзі тәрбиелеу құзыреттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын, коммуникативті және басқарушылық қызмет құзыреттерін дамытуда жетекші рөл атқарады. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері. Тұлға белсенділігі және оның қалыптасуы. Адамның мінез-құлқын басқарудағы эмоциялардың орны. Тұлғааралық таным мен тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Көшбасшылық және басшылық. Психологиялық қақтығыстардың ерекшеліктері және оларды ұжымда шешу жолдары. «Психология» курсы адамды, оның келбеті мен мінез-құлқын тұтас білім ретінде зерттейді. Сонымен қатар, ол оны индивид ретінде де, субъект ретінде де, тұлға ретінде де, ақырында даралық ретінде де зерттейді.

Курстың форматы мен құрылымы

Сіз бұл курстан өте отырып, материалдарды өзіңіз үшін ыңғайлы қарқынмен үйренесіз. Бұл курс бейне дәрістерден тұрады, содан кейін оқығаныңызды немесе көргеніңізді есте сақтағаныңызды анықтау үшін қысқа квиздардан (тесттерден) өтесіз.

Әр тақырып келесі бөлімдерден тұрады:

  • тақырыпқа шолу;
  • бейне дәрістер;
  • дәрістің тірек конспектісі;
  • презентация;
  • қосымша ресурстар / материалдар;
  • өзін - өзі тексеру-квиз, сұрақтар, тапсырмалар

Негізгі мақсат

Курстың мақсаты:

  • Психология курсын меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ой-өрісін дамыту, семинар және практикалық сабақтарды психологиялық құбылыстардың дағдылары мен жүйелерін талдауды қалыптастыру.
  • Өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру, негізгі категориялық аппараттарды және ғылыми психологиялық теорияларды меңгеру. Психологиялық зерттеудің практикалық әдістерін меңгеру және алынған теориялық білімді практикада қолдану.
  • Оқыту қортындысы

    • жоғарғы мектеп психологиясының пәнін, мақсатын және міндеттерін білу
    • жоғарғы мектеп психологиясының қалыптасу және даму тарихын білу
    • қазіргі кездегі жоғарғы мектеп психологиясының өзекті мәселелерін, дамуындағы бағыттарын және концепцияларын білу
    • Болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті компетенттіліктерді дамыту
    • оқу процесіндегі оқытушы мен студенттердің тиімді әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттестіктерінің және қарым-қатынастарының тәсілдерімен таныстыру
    • кәсіби қарым –қатынас дағдыларын дамыту
    • оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, сабақ өткізуге (дәрістер, семинарлар) психологиялық дайындау
    • кәсіби қарым –қатынас дағдыларын дамыту, өз пікірін айта алу, өз пікірін қорғай алу және қарым-қатынастағы адамды түсінуге тырысу
    • Болашақ кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді дамыту
    • Оқу процесіндегі оқытушы менстуденттердің тиімді әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттестіктері және қарым-қатынастары тәсілдерімен таныстыру
    • Кәсіби қарым –қатынас дағдыларын дамыту
    • Педагогикалық шеберліктің теориялық және практикалық негіздерін білу
    • жоғарғы мектепте сабақберудің қазіргі кездегі әдістері мен тәсілдерін тиімді пайдалана білу
    • сабақтарды (дәрістерді, семинарларды), емтихандарды және сынақтарды дайындау мен өткізудің қажетті психологиялық-әдістемелік ресурстарын пайдалана білу
    • студент тұлғасын және студенттік топты зерттеудің адекватты психодиагностикалық әдістерін қолдана білу
    • кәсіптік қарым-қатынас дағдыларын дамыту

    Мақсатқа жету индикаторы

    Курсты сәтті аяқтау шарттары:

    • Барлық материалдарды оқу (бейне, мәтін, презентациялар).
    • Курста ұсынылған тапсырмаларды орындау (квиздер, тесттер, сұрақтар, тапсырмалар).
    • Қорытынды жұмысты орындау.

    Пререквизиттер

    Курс пререквизиттері: Адам. Қоғам. Құқық. Мектеп курсы


    Course Staff Image #1

    Самадиева Мейрамгуль Оралтаевна

    Мейрамгуль Оралтаевна "Бизнес мектебі", "Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының" оқытушысы болып қызмет істейді.

    Білім саласы: Психология.

    Білімі: Психология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.

    Шаблонды жобалауға үлес қосқандар

    • Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
    • Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!

    Курсты сертификаттау

    Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті

    Внести в список