Перейти к основному содержимому

Қазақ тілі

LNG

Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларды байытады. Мамандық бойынша лексикалық және терминологиялық минимумды меңгеру. Жеке шағын стильдерге тән коммуникативтік құралдарды дамыту; оқу және тыңдау дағдысы мен іскерлігін дамыту, түрлі ғылыми мәтіндерді, сөзжасам үлгілерін жасауға баулу.

Пәнді оқытудың мақсаты:

B2 біліктілік деңгейіне сәйкес кәсіби бағыттағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан сапалы меңгеруді қамтамасыз ету.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • В2 деңгейлік дайындыққа сәйкес сөйлеу әрекеттерінің түрлерін табысты меңгеру;
  • тілді тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, кәсіптік тілдесуде меңгеру дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
  • ауызекі және жазба сөзді өндіру дағдысын қатысымдық мақсатқа және тілдесудің кәсіптік аясына сәйкес қалыптастыру.

Білім алушы міндетті:

Сабақтарға міндетті түрде қатысу, сұрақтарды талқылауға қатысу, сабаққа алдын ала дайындық,тапсырмаларды уақытында орындау және оларды жеткізу, Сабақты аяқтау және тапсырмаларды орындау мерзімін кейінге қалдыру дәлелді себеп пен растайтын құжат болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Жалпы коммуникативтік дағдылар: күнделікті және кәсіби тақырыптарда еркін және түсінікті сөйлей алады; әңгіме барысында ойын дәлелдеп, пікірін қорғай алады; тілдік ортада өзін сенімді ұстайды, диалогқа белсенді қатысады.
  2. Тыңдалым: әртүрлі тақырыптағы (жаңалықтар, сұхбат, дәріс) негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; табиғи жылдамдықтағы сөйлеуді жалпы түсіне алады; сөйлеушінің көзқарасын, эмоциясын ажыратады.
  3. Оқылым: газет-журнал мақалалары, ресми мәтіндер, әдеби үзінділерді түсініп оқиды; мәтіннің негізгі идеясын және детальдарын анықтай алады; автордың позициясын талдайды.
  4. Жазылым: әртүрлі жанрда (эссе, хат, пікір, есеп) құрылымды мәтін жаза алады; өз ойын логикалық түрде жеткізеді; грамматикалық және лексикалық қателері азаяды.
  5. Айтылым: күрделі тақырыптарда кеңейтілген жауап бере алады; пікірталасқа қатысып, аргумент келтіреді; сөздік қоры жеткілікті деңгейде дамыған.
  6. Лексика және грамматика: кең тақырыптар бойынша ортадан жоғары деңгейдегі сөздік қорды меңгереді; күрделі грамматикалық құрылымдарды (құрмалас сөйлемдер, шартты рай, т.б.) дұрыс қолданады.

Мақсаттық аудитория

Атаулы курс В2 деңгейінің студенттеріне арналған.

Курсты құрушы

Course Staff Image #1

Бакиева Алия Какимовна

Бөлімше: Тілдік құзіреттілік орталығы
Лауазымы: Оқытушы
E-Mail : [email protected]

Внести в список