
Рахметуллина Женисгуль Толеухановна
Факультет: Халықаралық инженерия мектебі
Лауазымы: Д.Серікбаев Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға оқытушысы
Техникалық жоғары оқу орындарындағы «Математикалық талдау 1» пәнін оқыту ең алдымен жоғары деңгейі мен тереңдігінің үйлесімі болашақ инженердің кәсіби білімінің фундаментін құрайды. Заманауи техникалық маман өз кәсіби құзыреттілігіне қосымша «Машиналық оқыту әдістері», «Есептеу математикасы», «Компьютерлік графика алгоритмдері» салаларынан ақпараттарды меңгерген болу керек. Ол білімнің негізін «Математикалық талдау» курсының математикалық аппараты құрайды.
Математикалық талдау - қолданбалы практикалық есептерді математикалық әдістермен тұжырымдауда дәл және нақты шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін математиканың бір бөлімі.
«Математикалық талдау 1» курсының дың мазмұны студенттер бойында негізгі математикалық құрылымдар жүйесі мен математикалық ойлау мәдениетін, логикалық және алгоритмдік мәдениетті меңгеру, математикалық білімнің жалпы құрылымын, әртүрлі математикалық пәндер арасындағы өзара байланысты түсіну, ғылыми зерттеудің жалпы әдістері мен оқу және ғылыми мәселелерді шешу тәжірибесі негізінде математикалық пайымдаудың негізгі әдістерін іске асыру біліктілігін қалыптастыруға негізделген.
«Математикалық талдау 1» курсы «Математикалық талдауға кіріспе», «Бір айнымалыға байланысты функцияның дифференциалдық есептеуі» тарауларының негізгі ұғымдарымен таныстырады. Курста қарастырылған есептер қолданбалы сипатымен ерекшеленеді. Материалды игеру өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, сондай-ақ, теориялық материалды игеру тереңдігін тексеруге және есептерді шешу дағдыларын тексеруге арналған тест тапсырмаларымен толықтырылған.
Курс пререквизиттері: Студенттерге қойылатын талаптар: Мектеп курсындағы математикалық білімі мен математикалық мәдениетінің қалыптасуы
Факультет: Халықаралық инженерия мектебі
Лауазымы: Д.Серікбаев Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға оқытушысы
Авторлық құқық © Рахметуллина Женисгуль Толеухановна 2023
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және оларды рұқсатсыз курстан тыс жерде баспа немесе сандық түрде таратуға немесе сатуға болмайды.
Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-I-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті