Skip to main content

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы


MET

"Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы" курсының бағдарламасы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы ұғымдарды қалыптастыру, еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттарды, ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін зерделеу, қауіпсіздік міндеттерін шешу, өндірістік санитарияның, қауіпсіздік техникасының, электр қауіпсіздігінің және өртке қарсы профилактиканың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, нақты өндірістік жағдайларда қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелдерін төмендету бойынша ақпаратты оқып-үйренуге арналған.

Курстың құрылымы: - 15 дәріс, - 8 зертханалық жұмыстар.

Курсты оқып-үйреуде қандай материалдарды оқуға болады:

  • Бейне
  • Мәтіндік материалдар (дәріс конспектілері, презентация)
  • Тест және квиздар
  • Оқытушының тексеруіне арналған тапсырмалар
  • Қосымша материалдарға сілтемелер
  • Интерактивті элементтер (сұрау, сауалнама, талқылау)

Курстың мақсаты: еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының теориялық және практикалық негіздерін меңгерген жас мамандарды даярлау, адам қауіпсіздігі мен қорғалуына, оның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығына қойылатын талаптармен тиімді кәсіби қызметтің үздіксіз бірлігі туралы мамандардың түсінігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Құқықтық сауаттылығы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін еңбекті қорғау саласындағы базалық білімді меңгеру. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында арнайы білімді меңгеру.

Курсты меңгеру үшін жаратылыстану, математика және физика пәндері бойынша базалық білім болуы қажет.

Курс авторы

Course Staff Image #1

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Техника ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры.

Білімі:

  • «Сумен жабдықтау, суды әкету және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша инженер.
  • "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Білім саласы:

  1. Еңбекті қорғау
  2. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
  3. Өрт қауіпсіздігі
  4. Техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін және қауіпсіздігін бағалау
  5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу
  6. Еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары
  7. Қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйелерін есептеу және жобалау
  8. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
  9. Өндірістік үй-жайларда микроклимат құруға арналған жүйелер мен жабдықтар
Course Staff Image #2

Даниярова Мадина Даниярқызы

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жер туралы ғылымдар мектебінің оқытушысы.

Білімі:

  • «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Техника және технологиялар бакалавры
  • «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Білім саласы:

  1. Ғаламдық экология
  2. Климаттың өзгеруі және «жасыл» экономика
  3. Өнеркәсіптің зиянды заттары және химиялық қауіпсіздік
  4. Радиациялық қауіпсіздік негіздері
  5. Экология негіздері және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  6. Еңбекті қорғау
  7. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Авторлық құқық

Авторлық құқық © Даумова Г.К.,Даниярова М.Д., 2023
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және оларды рұқсатсыз курстан тыс жерде баспа немесе сандық түрде таратуға немесе сатуға болмайды.

Шаблонды жобалауға үлес қосқандар

  • Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
  • Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті

Enroll