Skip to main content

Еңбекті қорғау


MET

"Еңбекті қорғау" курсының бағдарламасы еңбекті қорғау саласындағы ұғымдарды қалыптастыру, еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттарды, ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін зерделеу, қауіпсіздік міндеттерін шешу, өндірістік санитарияның, қауіпсіздік техникасының, электр қауіпсіздігінің және өртке қарсы профилактиканың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, нақты өндірістік жағдайларда қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелдерін төмендету бойынша ақпаратты оқып-үйренуге арналған.

Курстың құрылымы: 15 дәріс, 8 практикалық жұмыстар

Оқу тілі: қазақ тілінде

Курсты оқып-үйреуде қандай материалдарды оқуға болады:

  • Бейне
  • Мәтіндік материалдар (дәріс конспектілері, презентация)
  • Тест және квиздар
  • Оқытушының тексеруіне арналған тапсырмалар
  • Қосымша материалдарға сілтемелер
  • Интерактивті элементтер (сұрау, сауалнама, талқылау)

Курстың мақсаты: еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерген жас мамандарды даярлау, адам қауіпсіздігі мен қорғалуына, оның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығына қойылатын талаптармен тиімді кәсіби қызметтің үздіксіз бірлігі туралы мамандардың түсінігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Құқықтық сауаттылығы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін еңбекті қорғау саласындағы базалық білімді меңгеру. Еңбекті қорғау саласында арнайы білімді меңгеру.

Курс авторы

Course Staff Image #1

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты

Білімі:

  • «Сумен жабдықтау, суды әкету және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша құрылыс инженері
  • "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығы бойынша бакалавры
  • "Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемді қолдану (техникалық ғылымдар бойынша)" мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімі.
  • «Хром қосылыстары бар ағын суларды Шығыс Қазақстанның жергілікті табиғи материалдарымен тазалаудың тиімді әдістерін іздестіру» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғау (25.00.36 "Геоэкология" мамандығы бойынша).

ҚР БҒМ бекіткен "Химиялық технология" мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие.

ҚР БжҒМ "Жоғары оқу орнының 2021 жылғы үздік оқытушысы" атағының иегері.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институты" РМК қарасты №68 "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі.

Білім саласы:

  1. Еңбекті қорғау
  2. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
  3. Қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйелерін есептеу және жобалау
  4. Техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін және қауіпсіздігін бағалау
  5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу
  6. Еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары
  7. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жобаларында санитарлық нормаларды қамтамасыз ету
  8. Энергияны үнемдеудің теориялық негіздері мен практикасы
  9. ТЖ кезінде су техникалық объектілерін қорғау
  10. Өндірістік үй-жайларда микроклимат құруға арналған жүйелер мен жабдықтар
Course Staff Image #2

Даниярова Мадина Даниярқызы

Жер туралы ғылымдар мектебінің оқытушысы.

Білімі:

  • «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Техника және технологиялар бакалавры
  • «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника және технология магистрі

Білім саласы:

  1. Ғаламдық экология
  2. Климаттың өзгеруі және «жасыл» экономика
  3. Өнеркәсіптің зиянды заттары және химиялық қауіпсіздік
  4. Радиациялық қауіпсіздік негіздері
  5. Экология негіздері және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Авторлық құқық

Авторлық құқық © Даумова Г.К.,Даниярова М.Д., 2023
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және оларды рұқсатсыз курстан тыс жерде баспа немесе сандық түрде таратуға немесе сатуға болмайды.

Шаблонды жобалауға үлес қосқандар

  • Anthony Hetrick; Жангербаева Анастасия Валерьевна: шаблон әзірлеушілері
  • Камелова Аяулым Айболатқызына шаблонды қазақ тіліне аударғаны үшін алғыс білдіреміз!

Курсты сертификаттау

Курс "«ШҚТУ» КЕАҚ ҚР Open edX-те курстарды әзірлеу бойынша стандарттар 041-II-2022" құжатына сәйкес сараптау комиссиясының барлық талаптарға сәйкестігінің тексерісінен өтті

Enroll